Белгілі продюсер, әзілкеш Нұрлан Қоянбаев нарықта Голливуд киносын басып озған қазақ киносы туралы күтпеген мәлімдеме жасады., деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Осыдан 7-8 жыл бұрын кинотеатрларда көрсетілген кинолардың 99,9% шетелдік кинолар болған, яғни 99,9% ақша шетелге кетіп жатты! 30 жыл бойы! Қазақ тілінде кинолар кинотеатрларда көрсетілмеді!
Қазақтың жігіттері мен қыздары бірігіп, өз ақшаларына, мемлекеттен қаражат алмай кино түсіре бастады, қолдан келгенше! Бүгін 80-100 млн долларға жуық қазақ киносаласы қалыптасты! Саладағы барлық мамандар жұмыспен қаматамасыз етілді! Шетелдік кино дәуірі аяқталды", — деп жазды медиа маман.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Отандық киноиндустрия әлдеқайда дамып жатыр.
"Голливудтың, миллиондарға түсірген,киноларына қарсы шығу, шынайы бәсекелестікке түсу оңай болған жоқ!!! Голливудтың кинолары әлемнің барлық мемлекеттерінің кинотеатрларын “басып” алған, оларға өз киносымен шыққан мемлекеттер өте аз!
Қазақ киносы, қаншама қиындықтарға қарамастан, қаншама өз арамызда қазақтың киносын жамандағандар болса да, өз ойына жетті. Нарықтың 50% өзіне қайтарды!!! Әлемнің бірнеше текті мемлекеттерінің қатарына қосылып, өз нарығында Голливудты тоқтатты!", — деді ол.
Нұрлан Қоянбаев Үкіметке өз ақшасына кино түсіріп жатқан азаматтарға қолдау білдіруге шақырды.
"Мемлекеттік деңгейде киноға байланысты жиындар өтіп жатыр! Қазақ киносының атынан осы жиында Александр Владимирович Аксютиц, Игор Цай т.б кино мамандар қатысыпты. Оларға қарсылығымыз жоқ, бірақ бізді неге шақырмайды? Осындай маңызды жиындарға “ауылдан”шыққан продюсерлерді де шақырыңдаршы. Осы жиында өкінішке орай, 30 жыл киноға, миллиардтап ақша бөлінгені туралы айтылмады, сол ақша мағыналы киноларға жаратылу керек еді… Ол ақшаларды кім алды?
Президентіміз айтқандай, әр саланы көтеру үшін мықты басшылар керек…Кино саласына мықты басшы керек! Айтпақшы, Голливудта киностудиялардың басшылары режиссёрлар емес, мықты бизнес менеджерлер!
Кім айтты Голливудттың барлық киносы жақсы деп? 2024 жылы Қазақстанда Голливудтың 200-ге жуық киносы көрсетілді! Өзіңізге ұнаған киноларды атап өтейікші, мысалы, Король Лев, Муана, Гладиатор, Дюна… Тағы көп болса 5-6 киноны айта аламыз, қалған 190 Голливудтың киносын кім көрді, көңілден шыққан жоқ. Бізде де солай 100 қазақтың киносы шықты,оның 5-6 ғана көңілден шықты, қалған 94 кино әлсіздеу! Өзімізді жамандай бермей, бір бірімізді қолдап жүрейік», — деп жазды продюсер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Nurlan Koyanbayev ???????? (@koyanbayevnurlan)