Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық соты Балқаш ауданының білім бөлімінің басшысы Д. Ақмолдаеваға және осы бөлімнің 8 бухгалтеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Олар 129,6 млн теңге сомасында бюджет қаражатын өзіне артық жалақы аудару арқылы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ақмолдаева мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Бухгалтерлерге мемлекеттік қызметте 3 жылдан 10 жылға дейін қызмет атқаруға тыйым салынып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру және шектеу жазасы тағайындалды.
Тура осылай «Талдықорған қаласының №12 орта мектебі» КММ бухгалтерлері өздеріне белгіленген нормадан жоғары жалақы аудару арқылы 24,5 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.