Current Date: 19-03-2025

21 мың отбасына «Рамазан сыйы» үлестірілді

Бұл туралы елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде «Зекет және қайырымдылық» қоры Астана қалалық филиал директоры Әли Мырзақұлов айтты.

«Зекет және қайырымдылық» қоры «Рамазан сыйы» бастамасымен мұқтаж отбасыларға 21 000 азық-түлік себетін үлестірді. «Жұмысшы мамандықтар жылына орай 1461 еңбек адамына ауызашар себеттері таратылды. Сондай-ақ «Рамазан сыйы» атты сыйлықтар 2 335 жетім балаға берілді және дін қызметкерлері арасында 267 көпбалалы отбасыға тосын сый таратылды. «Рамазанда бір тал ек» акциясы аясында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай «35 мың түп ағаш отырғызу» іс-шарасы бойынша Қызылорда облысы, Арал ауданында 5000 түп сексеуіл ағашы егілді.

Мысыр және Түркия елдернде оқып жатқан қазақстандық 110 студентке ҚМДБ атынан ауызашар берілді және еліміздегі университет пен колледждердң 9 592 студентне ауызашарлар ұйымдастырылды. Ораза ұстаған 1 986 мүгедек жандар, соқырлар қоғамы және т.б. мүмкіндігі шектеулі жандарға ауызашар дастарқаны жайылды және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында 10 800 көп балалы отбасыларға ауызашар берілді.

«Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 1 дін қызметкеріне және асыраушысынан айырылған көпбалалы отбасыға, мүгедек бала асырап отырған отбасыға, барлығы 3 баспананың кілті табысталды. «Өмрге үміт сыйла» жобасы аясында Қызылорда қаласы, Талсуат ауылында орналасқан Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығына және Арал қаласынада орналасқан Оңалту орталықтарын жаңа оңалту құрылғыларымен жабдықтады. Айта кетсек, қор атынан аталмыш мекемелерге татами, айна, швед стены, бизиборд, доптар мен дамытушы ойыншықтар сыйға берлді.

Сонымен қатар, жергілікті ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты мамандары 2155 адамға зекеттің маңыздылығын түсіндіріп, зекет жинауды ұйымдастырды» деді Әли Мырзақұлов.

Таңбалар: Бас мүфти Рамазан