Current Date: 19-03-2025

Ойынқұмарлыққа қарсы шаралар қаншалықты тиімді?

Ойынқұмарлыққа қарсы шаралар қаншалықты тиімді? Бүгін Парламент Сенатында Ойын бизнесі мен лотерея қызметіне қатысты заңнамалық өзгерістердің қолданыстағы тәжірбиесі талқыланды. Туризм және спорт вице-министрі баяндағандай 8 кодекс пен 14 заңға 150-дей түзету енгізілді. Атап айтқанда Букмекерлердің жарнамасын шектеу, борышкерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге құмар ойындар ойнауға тиым, ойын бизнесін ұйымдастырушыларға 21 жасқа толмағандарға рұқсат бергені үшін жауапкершілік, сондай-ақ онлайн казинолармен олардың транзакцияларын бұғаттау сияқты көптеген шараларды қамтиды. Сенат депутаты атап өткендей, бұның барлығы жақсы, тек ең маңызды тетіктердің бірі әлі іске асқан жоқ.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Негізгі атқарылмай жатқан жұмыс бұл ортақ ақпараттық жүйенің іске қосылмауы. Осыған байланысты заңның бірқатар бабының орындалуы тежеліп жатыр. Жылдың соңына дейін қосылады деп жатыр. Егер де қосылатын болса, қандай адамдар кіргендігін, қандай қаржы салынғандығын, қанша табыс тапқанын. Мемлекеттік органның адамы кірді ме, жоқ әлде әскери адам кірді ме, соның барлығын көріп отыратындай жағдай туындайтын болады.