Current Date: 19-03-2025

Өскеменде жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді

20 наурыздан бастап қалада жаңа жұмыс кестесі енгізілді.

Өскеменде мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың жұмыс уақыты өзгерді. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен жиында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дархан Сапанов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Енді жұмыс күні сағат 08:00-де басталып, 17:30-да аяқталады, түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.

Бұл өзгеріс облыстың барлық қала және аудан орталықтарында енгізіліп отыр. Жаңа жұмыс тәртібі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

— Жаңа жұмыс уақытын талқылау жиынына 300-ге жуық адам, соның ішінде мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты. Талқылау барысында қатысушылар жұмыс күнін ертерек бастаудың тиімділігін атап өтіп, өзгерісті қолдайтындықтарын білдірді. Өскемен — Шығыс Қазақстан облысында жаңа кестені енгізген соңғы қала болды, — деп хабарлады облыс әкімдігі.