Димаш Құдайберген 2025 жылғы 5 наурызда жанкүйерлерін жағымды жаңалықпен қуантты. Ол жақын арада су жаңа туындысының жарыққа шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Love Is Not Over Yet әннің премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда, ал бейнеклип Димаштың YouTube арнасында жарияланады.
Әншінің айтуынша, роликті Астана уақытымен 20:00-ден бастап көруге болады. Бұл ретте ол жанкүйерлерінен өз әсерлерімен бөлісуді сұрап, олардың қолдаулары үшін алғысын білдірді.
"Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын",- деп қосты әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)
Жанкүйерлер әншіні премьерасымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді:
- О керемет, міндетті түрде тыңдаймыз)
- Тамаша, асыға күтіп жүрмін!
- Жаңа туынды құтты болсын, биік белестерден көріне бер!
- Қайда жүрсең де аман жүр...
Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жаңа әнін әлемнің түрлі еліндегі жанкүйерлері асыға күтіп отырғандығы хабарланған болатын.