Current Date: 20-03-2025

Президент өкімімен ҚХА кезекті сессиясы шақырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) кезекті сессиясы шақырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 20 наурызда Ақорда сайты хабарлады.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясын шақырды. Cессия 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді", – делінген бейсенбі күні жарияланған ресми ақпаратта.

Еске салайық, 2024 жылғы 24-25 сәуірде Астанадағы Президент орталығында күн тәртібіндегі "Бірлік. Жасампаздық. Прогресс" атты Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы өтті. Сессия су тасқынына байланысты онлайн режимінде өтті.