Оның анасы қаза тапты
ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы вице-президенті, академик, белгілі қоғам қайраткері Асқар Жұмаділдаевтың ардақты анасы дүниеден өтті, деп хабарлайды Kznews.kz SDU Universityбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ананың орны әрқашан бөлек, оның мейірімі мен қамқорлығы, өмірлік ақылы мен тәлімі ұрпағының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.
Күлшат апамыз – алтын құрсақты, парасатты ана ретінде ұрпақтарына өнегелі өмірінің жарқын үлгісін қалдырды. Ол өз бойындағы еңбекқорлық, мейірім мен шынайы махаббат қасиеттерін балаларына сіңіре білді… Ұрпағына тек ізгілік пен парасаттылықтың үлгісін көрсеткен абзал ана артына мәңгілік өшпейтін мұра қалдырды», — делінген университеттің көңіл айту жазбасында.
Бүгінде оның ұрпақтары – еліміздің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген адал әрі еңбекқор азаматтар.