Current Date: 20-03-2025

«Наурыз Жұмыскер»: Баспанаға ие болған алғашқы тұрғын-қостанайлық

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

«Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша алғашқы несие рәсімделді. Баспаналы болған азамат – қостанайлық жас инженер Данияр Асанов. Пәтерді салынып жатқан үйден таңдаған. Құрылыс аяқталған соң, бірден көшпек ниетте. Бағдарлама жұмысшы мамандық иелеріне тиімді шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік береді. Қатысушыларға бастапқы жарна ретінде кемінде 2 млн теңге төлеп, алты ай ішінде баспана таңдау құқығы беріледі.

Данияр Асанов, қала тұрғыны:

Қолдап келген ата-анама рақмет!. Отбасы банк пен Президентке де алғысым шексіз. Осындай баспаналы болуға мүмкіндік беріп отыр. Бұл біз сияқты жұмыскерлерге үлкен көмек.

Мадина Нағашыбай