Current Date: 20-03-2025

Ақмола облысында 50-ден астам көше атауы қазақшаланды

Қазір тағы 28 елді мекен мен 10 ауылдық округтің атауын өзгерту бойынша құжаттар әзірленіп жатыр.

Жалпы кез келген ауыл мен көшеге тарихи атау беру республикалық ономастикалық комиссияның келісімімен жүзеге асырылады.

Алайда архив құжаттарымен тарихи еңбегі дәлелденбеген тұлғалардың есімдерін ұлықтауға жол беруге болмайды, деп жазады 24kz.

Бұл туралы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Президент мәлімдеді. Алқалы жиында ономастика саласына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

"Президент айтып өткендей сөзінде, бізге аты да, тегі де мәлім емес адамдар, тіптен жер-су атаулары, көше атаулары берілгеніне біз таң қалдық. Әрине, бұл халық ішінде құптарлық дүние емес деп ойлаймын. Жалпы жер-су атауын, көше атауын берер кезде елге еңбегі сіңген өңірге тарихи тұлғалар бар. Солардың есімін берсе, келесі өскелең ұрпақтың да білуіне, есте сақтауына көп әсер етеді", – деп ойын жеткізді қала тұрғыны.