Current Date: 20-03-2025

«Бірінші некеден туған ұлы маған кедергі емес»: Айжұлдыз Адайбекованың болашақ күйеуі ағынан жарылды (ВИДЕО)

Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекованың болашақ күйеуі Сәкен Қағаров жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында Айжұлдызбен некелескенін, қазіргі таңда бірге тұрып жатқанын айтты.

"Бұл — махаббат. Мен өз махаббатымды 5 жыл бойы сұрап, күттім. Жарнамалық түсірілімнің арқасында табыстық. Бір көргеннен ғашық болдым", — деді ол.

Сәкенді Айжұлдыздың бірінші некесінен баласы бары мүлдем ойландырмаған.

"Маған ол ешқандай қиындық тудырмады. Керісінше өте күшті деп ойладым. Болашақта сәбилі болсақ, екеуі бірге ойнайды. Бірі үлкен, бірі кіші болады. Керемет емес пе", — дейді Сәкен Қағаров.

Сондай-ақ ол жұлдызды енесі Жанар Айжановамен өте жақсы қарым-қатынаста екенін де ашып айтты.