Current Date: 20-03-2025

Академик Асқар Жұмаділдаевтың анасы дүниеден озды

Бұл туралы SDU University-дің баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы вице-президенті, академик, SDU University Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Асқар Жұмаділдаевтың анасы дүниеден өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоғары оқу орнынының баспасөз қызметі Facebook желісінде Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевтың ардақты анасы дүниеден өтуіне байланысты ғалымның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

"Ананың орны әрқашан бөлек, оның мейірімі мен қамқорлығы, өмірлік ақылы мен тәлімі ұрпағының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Күлшат апамыз – алтын құрсақты, парасатты ана ретінде ұрпақтарына өнегелі өмірінің жарқын үлгісін қалдырды. Ол өз бойындағы еңбекқорлық, мейірім мен шынайы махаббат қасиеттерін балаларына сіңіре білді. Бүгінде оның ұрпақтары – еліміздің дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген адал әрі еңбекқор азаматтар.

Осындай ауыр сәтте Асқар ағаға және жақын туған-туысқандарына сабыр мен күш-қуат тілейміз. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын", — делінген хабарламада.