Өзбекстанның Науаи облысында сегізінші сынып оқушысы босанды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Nova24.uz таратқан мәліметке сәйкес, облыстың мектепке дейінгі және мектептегі білім басқармасы мұғалімдер ол сабаққа келмесе де, баға қойғанын мәлімдеді.
Желіде Карман ауданындағы №15 мектептің сегізінші сынып оқушысы босанғаны туралы ақпарат тараған. Сондай-ақ оған сабаққа келмесе де, директордың бұйрығымен баға қойылған.
Мектепке дейінгі және мектептегі білім басқармасының лауазымды тұлғалары сабаққа келмеген оқушыларға баға қойған мұғалімдерді тексереді, — деді ведомстводан.
Білім басқармасы қазіргі таңда құқық қорғау органдарының болған жайтты тексеріп жатқандарын алға тартты. Тексерістен соң қосымша ақпарат ұсынылады.