Алматы метрополитенінің "Бауыржан Момышұлы" станциясында 5 наурызда "оңай" жол жүру ақысын төлеу жүйесі істен шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасы жазғандай, оқиға таңғы сағат 9:00 шамасында болған. Техникалық ақаулыққа байланысты жолаушылар электронды төлем жүйесін пайдалана алмады және жетондарды сатып алуға мәжбүр болды, Осыған орай кассаларда да ұзын-сонар кезек пайда болды. Осылайша турникеттердің жұмысын метроның бір қызметкері қолмен бақылап, жолаушыларды бір-бірден өткізіп отырды.
Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі жүйенің 15 минут ішінде қалпына келтірілгенін атап өтіп, сәтсіздік фактісін растады.
Бұған дейін Маңғыстауда құрлыққа шығып кеткен қанша итбалық құтқарылғандығы хабарланған болатын.