Мамандар: “ Қарғын судан еш қауіп жоқ” деп отыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі 20 наурызда Қызылорда облысында су тасқыны кезеңі ресми түрде аяқталғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Себебі, Сырдария өзені мұздан толығымен тазартылып, сең Кіші Арал теңізіне жеткен.
Қызылорда су торабынан Кіші Аралға дейінгі қашықтық 744 шақырымды құрайды. Осы қашықтықта су тасқыны жағдайы тіркелмеген.
Министрлік, облыста өзендегі су деңгейіне мониторинг жасау жалғасатынын айтып, тұрғындарға су қоймаларының жанында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.