Current Date: 20-03-2025

Kaspi.kz $650 млн еурооблигация шығарылымын табысты орналастырды

Бұл Қазақстан тарихындағы мемлекеттік емес компанияның инвестициялық рейтинг облигацияларының ең ірі шығарылымы.

Kaspi.kz 18 наурызда 5 жыл өтеу мерзімімен $650 млн сомаға алғашқы еурооблигацияларын табысты түрде шығарды. АҚШ, Еуропа және Азияның ірі қорлары инвестор болды.

"Өткен аптада бүкіл әлемнен жиналған жетекші халықаралық инвесторларға Kaspi.kz туралы әңгімелеп, Қазақстанның инвестиция жағынан тартымды екеніне сендірдік. Нәтижесінде облигацияларымызды сәтті орналастыра алдық, бұл инвесторлардың бізге деген сенімінің тағы да бір дәлелі. Елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту қазақстандық компаниялар үшін халықаралық капитал нарығында бұдан да көп мүмкіндіктер береді". Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі

Kaspi.kz облигациялары 6,25% мөлшерлеме бойынша орналастырылған және 2030 жылы өтелуі тиіс. Тартылған қаражат жалпы корпоративтік мақсаттар мен дамуға жұмсалады.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялық қызметтердің негізінде – 15 миллионға жуық қазақстандық қолданып, электронды коммерция, төлемдер мен қаржылық қызметтердің алдыңғы қатарлы сервистерін біріктіретін елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр.

Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізу арқылы онлайн тиімді сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турларды рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнесті дамыту үшін Kaspi Pay суперқосымшасын жасады. Оны қазір 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер қолдануда. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформаларына қосылып, өз тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазып шығарды, олар бірнеше жылдан бері магистратура студенттерінің оқу бағдарламасына енген.