22 жастағы семейлік полицей формасын киіп, видео түсірген
Қазақстан азаматы полиция қызметкерінің формасын киіп, автокредит жарнамалағаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Kznews.kz.
ПД мәліметінше, Абай облысында 22 жастағы семейлік полицей формасын киіп, жеңілдетілген автонесиелеуді жарнамалаған видеоролик түсірді. Алайда оның актёрлік шеберлігін клиенттер емес, нағыз полиция қызметкерлері бағалады.
«Тексеру барысында оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Ол жарнамалық видеосы үшін айыппұл арқалады, ал формалық киім тәркіленді.
Ресми форма мен айырым белгілерін заңсыз пайдалану – құқық бұзушылық! Мұндай «эксперименттер» үшін айыппұл салынып, форма тәркіленеді», — делінген ПД хабарламасында.