Current Date: 20-03-2025

Теке көлі мемлекет меншігіне қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары құны 26,7 миллиард теңгені құрайтын Теке көлін мемлекетке қайтарды, деп жазады Egemen.kz.

2020 жылы ас тұзын өндеуге арналған келісімшарт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жер қойнауын пайдаланушыға жалпы ауданы 21,5 мың га Теке көлін берген.

2022 жылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тоқтатылса да, уәкілетті орган екі жылдан астам уақыт бойы сотқа дейінгі тәртіппен шартты біржақты бұзу жөнінде шараларды қабылдамаған. Осылайша су қорының жерлер мақсатсыз пайдаланылған.

Бұдан бөлек, шаруашылық жүргізуші субъектісі құзыретті органның ресми сайтында жер қойнауын пайдаланушылардың тізілімінен алынбай «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің талаптары бұзылған.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры жер учаскесін жалдау шартын сотқа дейінгі тәртіппен біржақты бұзды. Кадастрлық құны 26,7 млрд теңгені құрайтын жалпы ауданы 21,5 мың га ащы, тұзды Теке көлі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Құзыретті органның интернет-ресурстарындағы мәліметтер сәйкестендіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылған.