Шымкент әкімдігі 2025 жылы 20 наурызда қала тұрғындарына ескерту жасап, үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ескерту көпқабатты тұрғын үйлердің балконына қатысты екенін баса айта кетелік.
"Көпқабатты тұрғын үйлерде өз тарапыңыздан балкон құрылыс жұмыстарын жүргізу заңсыз екенін және өз өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін екендігін естеріңізге саламыз. Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы тарапынан шаһарда заңсыз құрылыстарға мониторинг жүргізіліп, заң талаптары сақталмаған жағдайда тиісті шаралар қолданылады. Бүгінде заңсыз құрылыстарды сот шешімімен бұзу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан да азаматтарды құрылыс салу барысында заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз". Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
2025 жылы 17 наурызда Алматыда заңсыз салынған көлік жуу орыны сүрілгені белгілі болды.