Осылайша, 16 жастағы Дастан Сәтбаев ұлттық команданың тарихындағы ең жас дебютант атанып отыр, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қайрат" командасының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кюрасаоға қарсы ойында ел намысын алғаш рет қорғады.
Сондай-ақ, Сәтпаев Қазақстан құрамасының жаңа рекордын орнатты. Енді ол – ұлттық команданың тарихындағы ең жас дебютант.
Дастан алаңға 16 жас, 7 ай, 8 күнінде шыққан. Болашағынан көп үміт күттіретін талантты ойыншы Жамбыл Көкеевтің жетістігін жаңартқан. Еске салайық, 2006 жылдың 14 ақпанында Иорданияға қарсы ойынға шыққанда Көкеевтің жасы 17 жас, 4 ай, 25 күнді көрсеткен болатын.