Current Date: 17-03-2025

Теннисшілер Индиан-Уэллстегі турнирге аттанды

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін халықаралық турнирде Қазақстанның бірнеше теннисшісі өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алғашқы айналымда Александр Бублик (АТР №82) жапониялық Юсуке Ватунакимен (АТР № 349), Александр Шевченко (АТР № 98) аустралиялық Ринки Хиджикатамен (АТР № 83) күш сынасады.

Ал Елена Рыбакина (WTA № 7) мен Юлия Путинцева (WTA № 20) жарысты екінші кезеңнен бастайды.

Юлия аргентиналық Мария Карле (WTA № 103) мен чехиялық Катерина Синякова (WTA № 59) және Елена Чехияның тағы бір өкілі Мари Боузкова (WTA № 50) мен франциялық Сюзан Ламменс (WTA № 64) арасындағы кездесудің жеңімпазымен шеберлік байқасады.