Бұл күннің идеясы – жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлік насихатталады.
Бүгін, Қазақстандағы Наурызнама онкүндігінің сегізінші күні — Ынтымақ күні. Бұл күні жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлік насихатталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ынтымақ сөзі береке-бірлік, татулық сөздерінің баламасы ретінде қолданылады. Халқымыз бірлік, ынтымақ мәселесіне ерекше мән беріп, оны өмірдің өзегіне балап, оның мән-маңызын "Ырыс алды ынтымақ", "Бірлік болмай тірлік болмас", "Ынтымақ түбі — игілік" дейтін мақалдар арқылы жеткізген.
Бүгінгі күні де Қазақстанның өсіп-өркендеуінде халықтың ортақ мақсат-мүдделердің айналасына бірігуі, берекесі мен татулығы негізгі тірек болып отыр.
Еске сала кетейік, Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.
14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі
15 наурыз – "Қайырымдылық күні"
16 наурыз – "Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні".
17 наурыз – "Шаңырақ күні"
18 наурыз – Ұлттық киім күні
19 наурыз – Жаңару күні.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
21 наурыз– Ынтымақ күні
22 наурыз – Жыл басы
23 наурыз – Тазару күні