Current Date: 27-03-2025

"Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді": ІІМ қызықты мәліметті ұсынды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Ішкі істер министрлігі қызықты мәліметті ұсынды. Қазақстандық полиция қатарында Наурыз есімді 119 тәртіп сақшысы қызмет етеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, Наурыз есімді 119 полицейдің төртеуі әйел адамдар.

  • Наурызбай – 55;
  • Наурызбек – 41;
  • Наурыз – 12;
  • Наурызгүл – 4;
  • Наурызхан – 3;
  • Наурызғали – 2;
  • Наурызжан — 1;
  • Бекнаурыз – 1 .

"Балаға ат қою рәсімі қазақ мәдениетінде әрдайым маңызға ие. Адамның есімі оның тағдырымен, болашағымен тікелей байланысты деген ұғым да бар. Ат тарихи оқиғалар мен тұлғаларға ғана арналып қойылмайды. Ол табиғи құбылыстарға, ата-ананың тілек-сеніміне қарай таңдалуы мүмкін. Бұл статистика Наурыз дәстүрлері мен мәдениетінің заманауи Қазақстанда нығайып келе жатқанын айқын көрсетеді", — деп жазады ақпараттық медиа-портал.