Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа

21 наурыз – Елорда тө­рін­дегі Қ.Қуанышбаев атын­дағы мемлекеттік ака­демиялық қазақ му­зы­­калық драма театры­­­ «Қаллеки тынысы»­ атты спектакльдер шеруі аясында «Жошы хан» тарихи драмасын ұсынады. Драматург Думан Рамазан­ның авторлығы және Болат Ұзақовтың режиссёрлігімен дайындалған туынды түркі баласының бір тудың астына жиылу кезін бейнелейді.

21-25 наурыз – Алматы Арбатында кітап жәрмеңкесі өткі­­з­іледі. Онда қала тұр­ғындары мен қо­нақ­тары сүйікті кітап­та­­рын сатып алып, елі­міз­ге белгілі ақын-жазу­­­шы­лар­мен әдеби кеш­тердің куәсі бола алады.

22 наурыз – 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып бекітілген Ақтау қаласында Ұлыс күніне орай теңіз жағалауында 30 киіз үй тігіліп, қолөнершілер жәрмеңкесі ұйым­дас­тырылады. Сондай-ақ Жыршылар жырлайды» атты жыршылар концерті өтеді.