Current Date: 21-03-2025

Мереке күндері тамақтан уланудың қалай алдын алуға болады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Наурыз мейрамын мерекелеу кезінде тамақтан уланудың профилактикасы шаралары туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Баршаның сүйікті мерекесі — Наурыз мейрамын жаппай мерекелеу күндері дәстүрлі түрде дастарханға түрлі тағамдардың — наурыз көженің, сүт сусындарының, ет өнімдерінің, тез бұзылатын өнімдерге жататын салаттардың көптігімен өтеді". ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Бұл ретте, ведомство мерзімі өткен немесе өңделмеген тағамдарды тұтынумен байланысты тамақтан улану мен инфекциялық аурулардың профилактикасы шараларын еске салады.

Улану жағдайларын болдырмау үшін бірқатар ұсыныстарды сақтау қажет.

  1. тамақтану орындарын мұқият таңдаңыздар, өздеріңіз барған жақсы беделге ие сенімді мекемелерге немесе туыстарыңыз немесе достарыңыз сіздерге ұсынған жерге барыңыздар;
  2. рецепті термиялық өңдеуді, әсіресе теңіз өнімдерін көздемейтін тағамдарға тапсырыс беруден және тұтынудан бас тартыңыздар;
  3. ешбір жағдайда мекемелерден әкелінген тағам қалдықтарын туыстарыңызға ұсынбаңыздар;
  4. тамақ өнімдерін сатып алу кезінде дайындау және жарамдылық мерзімдеріне, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттардың болуына, оларды өткізу және сақтау шарттарына назар аударыңыздар.
  5. көшедегі жаппай сауда орындарында азық-түлік сатып алмауға тырысыңыздар.

Өз кезегінде іс-шараларды ұйымдастырушылар мен кәсіпкерлер мына ережелерді назарға алулары керек:

  1. Қызмет басталғанға дейін рұқсат құжатын (сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды, егер нысан болмашы эпидемиологиялық мәнге жататын болса, қызметтің басталуы туралы хабарлама) алу.
  2. Медициналық қарап-тексеруден өтпеген адамдарды жұмысқа қабылдамауға және тамақ дайындауға және оны өлшеп орауға жіберуге, қызметкерлерді уақтылы медициналық тексеруден өткізу.
  3. Тиісті жағдайлар болмаған және үй-жайлардың ауданы жетіспеген жағдайда технологиялық процестің сақталуын қамтамасыз ету үшін тағамдардың ассортиментін қысқарту қажет.
  4. Шикізатты сатып алу тек сенімді жеткізушілерден жүзеге асырылады.
  5. Тез бұзылатын өнімге ерекше бақылау жасай отырып, өнімді сақтау, дайындау және жеткізу мерзімдері мен технологиясын қатаң сақтау қажет.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтағаны хабарланған болатын.