Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты отандық спортсүйер қауым үшін сәтті аяқталды.
Қазақстан ұлттық құрамасының Азия құрлығындағы ең үздік ұлттық федерация деп танылғанын Азия бокс конфедерациясы мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ниште жалауын желбіреткен жарыста Азия елдері арасынан Қазақстан, Солтүстік Корея (КХДР) және Қытай ғана алтын медальға ие болды. Ел құрамасы үш бірдей алтын медаль еншілесе, КХДР мен Қытай өкілдері бір реттен өз елінің әнұранын шырқатты.
Назым Қызайбайдың бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары тарихында өзінің үшінші алтын жүлдесін жеңіп алғаны Қазақстан үшін тарихи жеңіс саналды.
Ал КХДР боксшысы Пан Чхоль Ми 2018 жылғы жеңісінен кейін екінші мәрте әлем чемпионы атағына қол жеткізді.
Азиядан Таиланд пен Өзбекстанның да боксшылары ақтық кезеңге дейін жетті. Бірақ, қос елдің былғары қолғап шеберлері күміс медальді місе тұтты. Вьетнам елі бір қола жүлдемен медальдық есепте үздік шыққан алтыншы азиялық ел ретінде тіркелді.