Дипломаттар мен қонақтарды 13 мемлекеттің елшілігі қарсы алды. Олардың арасында Қазақстан, Қырғызстан, Иран, Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак және Моңғолия бар. Халықаралық ұйымның бас директоры Одри Азуле қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Ол кезінде біздің елге жасаған ресми сапары ерекше есінде қалғанын айтады.
Одри Азуле, ЮНЕСКО бас директоры:
-Париждегі ЮНЕСКО кеңсесіндегі осы тамаша мерекеде тұрып, қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Бұл бірнеше елді музыкасы және ұлттық тағамдарымен біріктіріп отырған және бәріміз үшін ортақ керемет мереке. Бәріңізге бақыт тілеймін!