Жамбыл облысында өнеркәсіп кәсіпорындарынан 33 мың тоннадан астам прекурсор тәркіленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Дәрмек" жедел алдын алу іс-шарасының 5 күні ішінде Жамбыл облысында 5 келіден астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді.
Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасымен бірлесіп, есірткі құқық бұзушылығының 40 дерегін анықтады.
Атап айтқанда, 4 қылмыс анықталды: 2 айналыстан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттарды контрабандалық жолмен өткізу фактісі, бір құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, бір психотроптық заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісі.
Сондай-ақ 9 қылмыстық теріс қылық, 27 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Олардың ішінде техникалық нығайту талаптарын бұзудың 20 дерегі, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзудың бес дерегі, лицензиялау шарттарын бұзудың 2 фактісі бар. 33 мың 412 тонна 30 келі түрлі прекурсорлардың, сондай-ақ 4 469 түрлі есірткі және психотроптық препараттардың айналымы шектелді.