Current Date: 22-03-2025

Түркістан облысының 9 ауданында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі

Түркістан облысында шегірткелерге қарсы күрес бойынша 4 жедел штаб құрылды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласы, Қожатоғай ауылындағы жедел штаб құрамымен кездесіп, дайындықты пысықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жұмысты үйлестіру бойынша семинар ұйымдастырылып, оған аудан, қала әкімдері мен салаға жауапты орынбасарлары, басқарма басшылары, ауыл әкімдері қатысты.

Семинар барысында шегіртке дернәсілдерін анықтаудан бастап химиялық өңдеуден соң тазалауға дейінгі жұмыс үлестіріліп, міндеттемелер бекітілді.

(Абзацқа алынады) Мамандар шегіртке дернәсілдерінің сәуір айының алғашқы 10 күнінде шығады деп болжам жасады.

Жалпы, 1 млн. гектарға жуық жайылым жер алқаптарының 15 мың гектардан бөлінген картасы әзірленіп, 65 аумақта жұмысшы топ жасақталды. Сонымен қатар аудан, қала әкімдіктері тарапынан 980 анықтаушы тізімі бекітілді. Анықтаушыларды "Болжам әдістемелік орталығы" арнайы дайындықтан өткізді. Одан бөлек, 65 жұмысшы топқа жатын орындар дайындалып, химиялық өңдеу ерітіндісін әзірлеуге қажетті 206 су көзі белгіленді. Анықтаушыларды тасымалдауға 86 микроавтобус, су жеткізуге 45 арнайы автокөлік, жанар-жағармай жеткізуге 30 арнайы автокөлік әзірленді.

Өңірдегі 2990 жайылым жер иелеріне хабарлама берілді. Олар да анықтау шараларына қатыспақ.