Current Date: 22-03-2025

Мереке күндері еліміз бойынша 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет етеді

Наурыз мейрамы мерекелік концерттермен және бұқаралық іс-шаралармен өткізіледі. Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізілуде.

"Тәртіп сақшыларының арқасында қазақстандық азаматтар мерекелік атмосфераны алаңсыз сезіне алады", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ерекше статистиканы ұсынды. Қазақстанда Наурыз есімді 119 полицей қызмет етеді екен.