Current Date: 22-03-2025

22 наурыз - Жыл басы: көктемнің басты күні қалай тойланып жатыр?

Наурызнама 10 күнге созылғанымен, мерекенің басты күні – 22 наурыз болып саналады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 наурыз – Наурыз мерекесінің ең маңызды күні. Қазақстанда бұл күнді Жыл басы деп атайды. Бұл күн табиғаттың жаңаруын, көктемнің келуін және жаңа өмірлік циклдің басталуын бейнелейді.

22 наурыз – табиғатпен үйлесімділікті, өмірге деген ризашылықты, үміттің қайта жаңғыруын, бейбітшілікке, келісім мен өркендеуге ұмтылысты білдіретін мереке. Бұл жай ғана мейрам емес, бұл – табиғат заңдылықтарына деген құрметті және шығыс мәдениетінің мәнін көрсететін терең философиялық күн.

Президенттің баспасөз қызметі халықтың мейрамды тойлау көріністері түсірілген бейнеролик ұсынды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!