Көктемнің хабаршысы әз-Наурызды Павлодар өңірі де сән-салтанатымен атап өтіп жатыр.
Солтүстікте қыстың ызғары кете қойған жоқ. Дана халқымыз бұл кезеңді «жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы» — дейді. Артынша жер дүние жаңарып, айналасына шуағын шашып сұлу көктем келеді. Демек, қуануға, шаттануға, алғыс айтуға себеп бар. халық Наурызды қалай тойлап жатыр? Мерекелік көңіл-күй сезіле ме?
Қарлығаш Қасиетова, тілші:
- Наурыз мейрамын Павлодар жұрты жаңа форматта тойлап жатыр. Өңір руханиятқа көбірек көңіл бөліпті. Орталық алаңға тігілген киіз үйлерде жылжымалы музей жұмыс істеп тұр. Халық сонау сақ дәурінен жеткен көне жәдігерлермен таныса алады. Ол қимақ қағанатының үлгісінде жасалған арба, көне кимешек сияқты құнды заттар. Сонымен қатар біздің әріптестеріміз де журналистердің музейін көпшілік назарына ұсынды. «Наурыз- думан» мерекелік концерті, ұлттық киімдер байқауы, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мерекенің ажарын аша түсті. Орталық алаң мерекеге сай безендірілген. Біз тұрғындарды сөзге тартқан едік.
Жеңісбек Қадырұлы, ұлттық киімдер байқауының жеңімпазы:
- Павлодарлықтарды тағы қандай мерекелік сыйлар күтіп тұр. Ол туралы облыстық мәдениет басқармасының басшысы Медет Тауасқан айтып береді. Медет мырза Наурызнама он күндігі бойынша облыс көлемінде атқарылған мәдени іс- шараларға тоқталсаңыз.
Медет Тауасқан, Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының басшысы:
Жалпы халықтың көңіл-күйі көтеріңкі. Мерекелік бағдарламалар облыс аумағын толық қамтыған. Мерекенің көрігін ұлттық ойындар қыздырып жатыр. Наурыз жыл басы дейміз. Ендеше жаңа жылымыз құтты болсын!