Current Date: 23-03-2025

Ұлттық киім киіп, көшеге шыққан Ақтау тұрғындары әлемдік рекорд орнатты

Ақтауда ұлттық киімдегі 5 мыңнан аса адам жағалауға жиналып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon .kz.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы қарсаңында “Best Fest Nauryz” ұлттық киім фестиваліне тіркелген қатысушылар жағалауға жиналып, ол араға Гиннестер рекордтар кітабының өкілдері де келген.

"Ауқымды ұлттық жобаға тіркелгендердің саны 5 мыңнан асады. Резервте тағы 100 адам бар", деп нақтылайды әкімдік.

Айтулы оқиғаны Гиннестер рекордтар кітабының штаб-пәтері Лондоннан келген өкілдер тіркеді.

Бұған дейін Көкшетауда "Кимешектегі аналар" шеруі көпті тәнтті еткенін жазғанбыз.