Current Date: 23-03-2025

Британдық ғалымдар ауа райын жылдам болжайтын жүйе ойлап тапты

Британдық ғалымдар ауа райын жылдам әрі дәл болжайтын жүйе ойлап тапты.

Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады. Жасанды интеллектке негізделген технология дәстүрлі әдіске қарағанда ауа райын 8 күн бұрын нақты айтады. Оны Кембридж университетінің ғалымдары Еуропалық ауа райын болжау орталығымен бірлесіп жасап шығарған. Олар нейрондық желіні метеостанция, жерсерігі, аэростат, кемелер мен ұшақтардағы деректерді талдауға үйреткен. Осылайша күн райын алдын ала дәл анықтауға қол жеткізген. Жүйе кей аудандардың ауа температурасын да нақты талдап айта алады.