Бүгін Дүниежүзілік су ресурстары күні.
Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы осыдан тура 33 жыл бұрын бекіткен. Табиғат жанашырлары алып мұздықтардың еру мәселесін көтерді. Олардың айтуларынша, жаһандық климаттың жылынуынан алып мұздықтар тез еріп, қоршаған ортаға кері әсерін тигізе бастады. Мәселен, кейінгі 50 жылда 9 трлн тонна мұздық ерісе, оның 450 млрд тоннасы 2024 жылға тиесілі екен. Алып мұздықтар таза ауыз сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы және таза энергия өндіруде аса маңызды, дейді мамандар.