Current Date: 23-03-2025

"Жарықты сөндіріңіз": Экология министрлігі тұрғындарға үндеу жасады

Акция аясында миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын өшіріп, табиғатты сақтауға үлес қосады.

Еліміздің экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақстандықтарды 22 наурыз кешкі сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарықты сөндіруге шақырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрліктің хабарлауынша, бұл жаһандық бастама климаттың өзгеруі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.

"22 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл әлем бойынша "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы өтеді. Ұйымдар мен кәсіпорындарға да осы бастамаға қосылып, сағат 20:30 бен 21:30 аралығында ғимараттардың сыртқы жарықтандыруын (архитектуралық, декоративтік жарық) сөндіру ұсынылады", – делінген министрлік хабарламасында.