Current Date: 14-03-2025

Атырау облысында 10 мұнайшы құтқарылды

Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылынан 20 шақырым жерде Урал автокөлігіне мінген мұнай компаниясының жұмысшылары қар құрсауында қалып қойған.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Көмекке ТЖМ қызметкерлері "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен шықты. Қар басқан жолмен бірнеше шақырым жол жүріп, құтқарушылар Сағыз ауылына 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.