Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер Александр Машкевичтің жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті", — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 22 наурызда Eurasian Resources Group (ERG) пен Еуразиялық банк акционері Александр Машкевич қайтыс болды. Танымал кәсіпкер 72 жасында дүниеден өтті.