Current Date: 24-03-2025

Еліміздің 15 өңірі мен Астанада дауылды ескерту жарияланды

Жолаушыларға ұзақ жолға шығарда абай болуды ескертеміз.

"Қазгидромет" РМК 23 наурызда еліміздің 15 өңірі мен Астанада жауын-шашын, тұман, көктайғақ болатынын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Астана жолдарында көктайғақ болады.

Шымкентте күндіз найзағай ойнайды.

Абай облысының оңтүстігінде жауын-шашын, көктайғақ болады. Шығыста, оңтүстікте және облыс орталығында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында батыстан соғатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікте солтүстік-батысқа ауысады, облыстың таулы аймақтарында екпіні – 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15 м/с.

Атырау облысының оңтүстік жартысында жауын-шашын болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында, күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста жаңбыр жауады. Күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында найзағай ойнайды.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыс орталығында күші – 15-20 м/с.

Қостанай облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, солтүстік, батыс, облыстың таулы аудандарында күндіз күші 15-20 м/с.