Былтыр ауыл шаруашылығы үшін соңғы 10 жылдағы рекордтық маусым болды. Саланың жалпы өнім көлемі 13,7%-ға өсіп, 8,3 млрд теңгеге жетті.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
— Бүгінде агроөнеркәсіптік кешен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін экономиканың тұрақты дамып келе жатқан секторларының бірі. Былтыр ауыл шаруашылығы үшін соңғы 10 жылдағы рекордтық жыл болды. Саланың жалпы өнім көлемі 13,7%-ға өсіп, 8,3 млрд теңгеге жетті. Бұл барлық экономика саласы бойынша ең жоғары индекс өсімі. Бұл көрсеткішке өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 21,1%-ға, мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 3,6%-ға артуының нәтижесінде қол жеткізілді, — деді Ауыл шаруалығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы дөңгелек үстел барысында.
Вице-министрдің айтуынша, былтыр елімізде 26,8 млн тонна астық жиналды, оның ішінде 18,5 млн тонна бидай бар.
— Сонымен қатар, былтыр 2,6 млн тонна картоп, 3,8 млн тонна көкөніс, 3,3 млн тонна майлы дақылдар және 302 мың тонна мақта жиналды. Сондай-ақ, соңғы 30 жылдағы рекордтық 535,2 ц/га өнімділікпен 1,3 млн тонна қант қызылшасы жиналды (бұрын 379 ц/га аспаған). Өткен жылдың жоғары көрсеткіштеріне ауыл шаруашылығы өндірушілерінің агротехнологияларды қолдануымен қатар қаржылық және материалдық-техникалық базаны қамтамасыз ету бойынша жасалған жұмыстың есебінен қол жеткізілді, — дейді ол.