«ҚазАвтоЖол» үш облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді , деп хабарлайды Egemen.kz.
23 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, еріген қар суы салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды:
Ақтөбе облысы:
- «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Ембі қаласы).
Қостанай облысы:
- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).
Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 108 маман жұмылдырылды.