Current Date: 24-03-2025

Түркістан облысында газ жарылып, екі адам қаза болды

Оқиға Шардара ауданы Жаушықұм ауылында болды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жеңіл автокөлік автогаз құю станциясына соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Салдарынан резервуардан газ ағып, кейін газ-ауа қоспасы тұтанды. Сондай-ақ, жарылыс болды. Кейін өрт жақын маңда тұрған көлікке ауысқан.

Оқиға салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды, үш адам күйік жарақатын алды.

– Медицина қызметкерлері бір зардап шеккен адамды ауруханаға жатқызды, екі адам медициналық көмекке өз бетімен жүгінді. ТЖД қызметкерлерінің күшімен өрт толық сөндірілді, – делінген ведомства ақпаратында.

Автогаз құю станцасындағы жарылыстан зардап шеккен 3 науқас Шардара аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Олардың бірі дене жарақатына байланысты бүгін жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қалған екі науқас орташа жағдайдағы дене жарақатына орай хирургия бөліміне ауыстырылды.

Медициналық авиация арқылы комбустиолог және реаниматолог маман кеңес беруге шақыртылды.

Екі адамныңда қазіргі жағдайы қалыпты. Медициналық көмек толыққанды көрсетіліп жатыр.