Азия чемпионатында өнер көрсететін балуандарымыз Иорданияға жол тартты.
Азия чемпионаты 25-30 наурыз аралығында Иорданияның Амман қаласында, ханшайым Сумая атындағы спорт сарайында өтеді. Бұл жарысқа Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанды қоса алғанда 20-дан астам елдің спортшылары қатысады.
Жарыс грек-рим күресі балуандарының бәсекесімен басталады. Одан кейін әйелдер күресі өтеді. Ал турнир еркін күрес бойынша сайыстармен аяқталады.
Азия чемпионаты 1979 жылдан бері өткізіліп келеді және ол ерлер арасында еркін және грек-рим күресі бойынша жарыстар өтсе, ал 1996 жылдан бастап әйелдер күресі де жарыс бағдарлмасына енгізілген.
Өткен жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын (Дәулетбеков, Жарылқасын), 4 күміс (Айтақын, Айтмұхан, Тұрсынов, Мацииев) және 6 қола (Қартбай, Магомадов, Алмағанбетова, Каюмова, Панасович, Сыздықова) медаль жеңіп алған еді. Сол нәтижені биыл спортшыларымыз қайталай ала ма?
Биылғы құрлықтық бәсекеге Қазақстан құрамасы елдің ең мықты спортшыларын іріктеп алды. Азия чемпионатына қатысатын спортшыларымыздың тізімі:
Грек-рим күресі:
55 келі – Ербол Камалиев
60 келі – Бақытжан Қабдыл
63 келі – Сұлтан Әсетұлы
67 келі – Мейіржан Шермаханбет
72 келі – Әділхан Сатаев
77 келі – Ибрагим Магомадов
82 келі – Омар Сатаев
87 келі – Шамиль Ожаев
97 келі – Ілияс Гучигов
130 келі – Әлімхан Сыздықов
Әйелдер күресі:
50 келі – Светлана Анкичева
53 келі – Зейнеп Баянова
55 келі – Зүлфия Яхьярова
57 келі – Нилуфар Раимова
59 келі – Гүлдана Бекеш
62 келі – Тыныс Дүбек
65 келі – Гаухар Мұқатай
68 келі – Ирина Казюлина
72 келі – Жамила Бақбергенова
76 келі – Эльмира Сыздықова
Еркін күрес:
57 келі – Рахат Қалжан
61 келі – Мұхамед Балғабай
65 келі – Нұрсұлтан Садық
70 келі – Начын Куулар
74 келі – Нұрқожа Қайпанов
79 келі – Дәулет Ергеш
86 келі – Болат Сақаев
92 келі – Азамат Дәулетбеков
97 келі – Ризабек Айтмұхан
125 келі – Нұрсұлтан Азов