Current Date: 25-03-2025

Астанада спортшылар тазалық жұмысын жүргізді

Астанада спортшылар тазалық жұмысын жүргізді

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, қаланың әртүрлі орындарында спортшылар өздерінің жарыс өткізетін орындарын қоқыстан тазартып, қаланың көркеюіне үлес қосты.

Акция барысында спортшылар, бапкерлер, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары бірігіп, Наурыз мерекесі аясында өткен спорт сайыстарының орындарында тазалық жүргізді.

«Таза Қазақстан» акциясы жыл сайын өтетін экологиялық бастама ретінде қоршаған ортаға қамқорлық жасаудың маңыздылығын көрсетеді.