Дональд Трамптың пікірінше, АҚШ 1 миллион осындай картаны сатып, 5 трлн доллар табыс таба алады.
АҚШ-тың Сауда министрі Говард Лютниктің мәлімдеуінше, ол бір күн бұрын әрқайсысы 5 миллион доллар тұратын 1000 иммиграциялық "Алтын картаны" сатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.
АҚШ-тың Сауда министрі Говард Лютник "All-In Podcast" бағдарламасында сөз сөйлеп, әлемде 37 миллион табысты адамның "Алтын картаны" сатып алуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді.
– Әлемде 37 миллион адам бұл картаны сатып алатын жағдайы бар. Президент біз миллионын сата аламыз деп есептейді, – деді Говард Лютник.
Әрқайсысы 5 миллион доллар тұратын "Алтын карта" бағдарламасы шетелдік азаматтарға АҚШ-та тұрақты тұру құқығын береді және қолданыстағы EB-5 инвесторлық визасының орнына ұсынылып отыр.
Процесті оңтайландыру үшін Илона Масктың командасы арнайы бағдарламалық платформаны әзірлеп жатыр, ол шамамен екі аптадан кейін іске қосылады.
– Бүгіннен бастап шамамен екі апта ішінде ол [бағдарлама] қолданысқа енгізіледі. Илон мен үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеп жатыр, содан кейін ол іске қосылады, – деді Говард Лютник.