Current Date: 14-03-2025

ҚҚС бойынша жаңа шек: депутаттар қарсы ұсыныс жолдады

Мәжіліс депутаттары Үкіметке ҚҚС-тың жаңа шегін белгілеу жөнінде қарсы ұсыныс жолдады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламентке қабылданды. Ол ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендетуді көздейді.

Депутат Азат Перуашев бұған дейін мұнымен келіспеді, оның пікірінше, қазақстандықтар бұдан былай шағын бизнеспен айналысқысы келмей қалады.

"Шекті төмендету кәсіпкерлердің ең төменгі жалақыдан да төмен табыс алуына әкеп соқпауы керек", — деді ол.

"Бүгін Мәжілістің жұмыс тобы Үкіметтің бұл шекті 3800 АЕК-ке дейін төмендету туралы ұсынысына жауап ретінде 20 мың АЕК ҚҚС шегін белгілеу туралы "Ақ жол" фракциясының түзетуін Үкіметтің қорытындысына жіберді", — деді мәжілісмен 6 наурызда.

Сонымен депутаттардың қарсы ұсынысы — Қазақстанда ҚҚС бойынша шекті төмендетуден бас тарту. Үкімет бұл құжатқа әлі пікір білдірген жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!