Current Date: 25-03-2025

ҚР Президенті Александр Машкевичтің жақындарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы өзінің Telegram арнасында Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.