Төтенше жағдайлар құтқарушылары 60-қа жуық адамды құтқарып және қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Бүгін Астаның Есіл ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде 2 қабат пен 4 қабаттын аралығында электр сымдарының тұйықталып, өрттің шығуына себеп болды, деп жазады inbuisness.kz сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ күшімен түтінді аймақтан автосатымен және үш иінді сатының көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылып, баспалдақ маршымен 45 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды.
Өрт толығымен сөндірілді, қазір мамандар оның шығу себебі анықтап жатыр.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.