Current Date: 26-03-2025

"ҚазАвтоЖол" үш өңірдегі жол учаскелерінде шектеу енгізілгенін хабарлады

2025 жылдың 24 наурызында сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан еліміздің бірнеше өңірінде тас жол учаскелерінде шектеу енгізілгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, үш облыстағы үш республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысы:

  • "Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • "Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-баптап ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылды.

Бұған дейін бүгін еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайтынын жазғанбыз.