Елорданың Сарыарқа ауданында өндірістік нысанда әйел адамның қолын нан жаятын аппарат қысып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
41 жастағы әйелге құтқарушы отряд көмекке келді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары арнайы құралдардың көмегімен аз уақыттың ішінде зардап шеккен жұмысшының қолын босатып, оны жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырды.
"ТЖМ күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады", делінген хабарламада.
Бұған дейін Атырау облысында жантүршігерлік оқиға орын алғанын хабарлағанбыз. Жаңадан босанған әйел екі баласын тұншықтырып өлтірген.